Атырау, 17 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Теңіз кенішіндегі вахта ауысымы: «Бастысы – адамда коронавирус болмау керек, басқа критерий жоқ»

4 305 просмотра

Бұдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, 15 маусымнан бастап Теңізде қызметкерлердің вахта ауысымы басталды. Олардың көбі келесі ауысымға қалған еді. Бұл туралы ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ онлайн-брифингте толығырақ хабарлады.

- ККЖ- ҰЕҚБЖ аясында негізгі жұмысты жалғастыру үшін жұмысшыларды ауыстыратын уақыт келді. Келуші жұмысшыларға  ауысым уақыты ұзартылады: бұрын 14 күн жұмыс істегендер 28 күнге қалады; тиісінше, ауысымы 28 күнге созылған жұмысшылар 56 күн жұмыс істейді. Бұл жұмысшылармен ҚР еңбек заңнамасы аясында келісілген, - деді Р. Артығалиев. – Келетін жұмысшылардың барлығы алдымен оқшауланудан және ПТР анализін тапсырудан өтеді. Жоғары тәуекел тобына жататын қызметкерлерге әзірге жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Бұлар - COVID-19 жұқтырған жағдайда асқынуы мүмкін ілеспе ауруы бар адамдар. Вахта ауысымы шілденің ортасына дейін созылады.

Бұдан басқа, ол азаматтығына байланысты келушілердің жас шегі туралы таратылған ақпаратқа түсініктеме берді:

- Теңізге келгеннен кейін ПТР талдау  нәтижелері теріс шығып, жұмысқа жарамдылығы расталса болды, басқа критерий жоқ екенін атап өтемін.

Қазіргі уақытта ТШО және мердігер компаниялар барлық келуші қызметкерлер үшін «таза» (санитарлық тазартылған) тұрғын блоктар ұйымдастырды. Теңіз кенішінен шығатын жұмысшыларда көлікке отырар алдында теріс ПТР нәтижесі болуы керек.

Естеріңізге салсақ, Теңізде карантин 26 маусымға дейін ұзартылды. Қазір кеніште 13 700 адам қалды, олардың орнын осындай мөлшерде жұмысшылар ауыстырады. Жұмысшылар санын көбейту қарастырылмаған. Жалақыға келетін болсақ: бірінші ауысым әдеттегі мөлшерлеме бойынша, қосымша ауысым жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша төленеді.

Бүгінде ТШО қызметкерлерінің арасында КВИ жұқтырған 73 жағдай, мердігер мекемелерде 1 194 жағдай тіркеліп, 806 адам жазылып шықты. 22 мыңнан астам адамға ПТР талдауы жасалды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 маусым 2020, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.