Атырау, 17 мамыр 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырау облысында COVID-19​ инфекциясын жұқтыру белгілері бар 7 адам тіркелді

4 302 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар  7 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 5 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олардың төртеуі 
1975, 1995, 1999, 1981 жылы туған ер адамдар, біреуі 1999 жылы туған ер адам. Олардың төртеуінен  COVID-19  скринигтен өту барысында және біреуінен  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды. 

Ал тағы 2 жағдайдың біреуі Махамбет ауданының 1940 жылы туған  және Атырау қаласының 1972 жылы туған тұрғынынан тіркелді. Олардан инфекция  денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

19.06.2020 ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1386 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1031.

20 маусым 2020, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.