Атырау, 17 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ғаламтордағы «батпан құйрыққа» сенбеңіз

3 480 просмотра

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облысында 500-ден астам алаяқтық фактісі тіркелген, оның жартысынан көбі Интернет арқылы жасалған. Департамент басшысының орынбасары Болат КӨШҚАЛИЕВ атап өткендей, былтырғы жылмен салыстырғанда онлайн-алаяқтық саны 62,7 пайызға артқан.

Интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрі - танымал сайттардағы пәтер жалдау, онлайн несиелерді рәсімдеу, көліктің қосалқы бөлшектерін сату және жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар.

- Мәселен, WhatsApp мессенджерінде «Битсдаг» чат тобы ашылған, онда салымшыларға жеті күн ішінде кірістерін 50% -ға көбейтеміз деп уәде береді. Ол жерге 100-ден астам адам тіркеліп, ақшаларын салған. Алаяқтар салымшылардың сеніміне кіріп, алғашқы жарнаны 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде белгілеген. Қазіргі уақытта алаяқтықты ұйымдастырушы күдікті Батыс Қазақстан облысында қамауға алынды, - дейді Б.Көшқалиев.

Ол сондай-ақ, сатып алу кезінде мұқият болуға кеңес береді: алаяқтар танымал қазақстандық сату-сатып алу сайттарын кеңінен қолданады. Мысалы, арзан тауар көрсеңіз және сатушы сізден алдын-ала төлем жасауды немесе банктік картаңыз туралы ақпаратты сұраса, бейнебайланыс жүйесі арқылы одан жеке куәлігін көрсетуін өтініңіз. Біреуге банктік шот нөмірін, растау кодын немесе код сөздерін беру қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

19 маусым 2020, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.