Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырауда Татуласу орталығы ашылды

Сурет
4 010 просмотра

Бүгін, 19 маусымда Атырауда Татуласу орталығы ашылды. Ол облыстық сот ғимаратының ауласында орналасқан. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл ҚР Жоғарғы сотының азаматтарды даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешу үшін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында жасалды.

Мұнда медиаторлар, билер, адвокаттар, прокурорлар, психологтар, нотариустар және бизнес-омбудсмендер кеңес береді, бейбіт келісім жасалғанға дейін татуласу рәсімдерін жүргізеді.

- Орталық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған, ыңғайлы болу үшін бәрі жасалған. Мұнда келушілер құқықтық көмек ала алады, медиация рәсімдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы біле алады, ұстанымдарды келісу және жанжалды шешу үшін келіссөздер жүргізеді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

Облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған сурет

19 маусым 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.