Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына 12,5 миллион теңге айыппұл салынды

2 897 просмотра

Алматы облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына пара алғаны үшін 12,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 маусымда "2021 жылға дейін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алу үшін азаматтардан бірнеше рет 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Алматы облысы Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директорына 12,5 миллион теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады Биғайдаров брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 15 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Арапбаев пен Ергелдинов отыз еселенген пара мөлшерінде айыппұлға сотталды. Олар әрқайсы 30 миллион теңге төлеуі тиіс.

"Арапбаев Еркелдиновпен бірген коммерциялық кәсіпорын директорынан жүк автокөліктерінің кедергісіз өткізу және әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін бір миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп түсіндірді Биғайдаров.

19 маусым 2020, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.