Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Индербор кенті карантинге жабылды

3 682 просмотра

Индер ауданы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус дертімен сырқаттанушылар санының өсуіне байланысты  ауданның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Шолпан ЕРЖАНОВА 19 маусымнан бастап шілденің 2-сіне дейін карантин енгізді.

Аудан орталығына кіруге, шығуға тыйым салынды, бөгет бекеттер қойылады. Базарлар мен дүкендердің жұмыс уақыты шектелді, сағат 22.00-ден кейін «коменданттық сағат» жарияланды.

Күні бүгінде аудан бойынша коронавирус дертіне 44 адам шалдыққан.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 маусым 2020, 08:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.