Атырау, 17 мамыр 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Құлыбаев Тоқаевқа бизнестің карантиннен зардап шеккен салалары туралы айтты

2 788 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейне байланыс арқылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Құлыбаев мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты.

Сонымен қатар, ол бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қорытындысы туралы ақпарат берді. "Атамекен" ҰКП бастамасы бойынша бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен өткен бірлескен кездесулерге премьер-министр, үкімет мүшелері, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.

Президентке жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан.

Бұдан бөлек, Тоқаевқа үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" ҰКП-ның бірлесіп, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.


18 маусым 2020, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.