Атырау, 17 мамыр 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған тестіні кімдер тегін тапсыра алады?

2 583 просмотра

Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева Қазақстанда кімдер ПТР-тестін кімдер тегін тапсыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Міндетті тест тапсырушылардың құрамы Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша анықталған. 

"Бұл категорияға коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен вирус тасымалдаушылар жатады. Сондай-ақ бұл тізімде ЖРВИ, тұмау және пневмония анықталғандар жатады. Яғни, егер науқаста респиратор белгілері бар болса, ол міндетті, тегін коронавирусты анықтауға арналған тестті тапсыра алады. Одан бөлек, оған коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, медицина қызметкерлері, әскерге шақырылғандар мен мемлекеттік шекарадан өтетіндер жатады", - деп түсіндірді Лязат Ақтаева. 

Сондай-ақ, тегін ПТР-тестін жоспарлы немесе шұғыл медициналық-санитарлық мекемелер мен стационарға жатқызылғандар тапсыра алады. Ләззат Ақтаева ел бойынша тәулігіне 28 мыңға жуық тест өткізілетінін айтады.

18 маусым 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.