Атырау, 17 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Теңізде вахта ауысымы басталды

4 636 просмотра

ТШО мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ұзартылған вахтада жұмыс жасаған жұмысшылардың ауысу жоспарын әзірледі.

«Вахта ауыстыру жоспары бекітілгенін қуана хабарлаймыз. ТШО мен мердігер компаниялар 15 маусымнан бастап вахта ауыстыруды жүзеге асыруда», - деп хабарлады ТШО баспасөз қызметі.  

Вахта ауысу кезінде Теңіз кенішіне баратын жұмысшылар оқшауланып ПТР-анализ тапсыруға міндетті. ТШО мен мердігер компаниялар оларға «таза» (санитариялық өңдеуден өткен) тұрғын блоктарды ұйымдастырып, әзірлеп қойды. ПТР-тесті Теңіз кенішінен шығатындарға да жасалады.

Вахта ауысымы кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, шілденің ортасына дейін жалғасады. Вахтаға түсетіндердің жұмыс мерзімі ҚР заң талаптарына сәйкес ұзартылады.

Еске сала кетейік, карантин басталғалы Теңіз кенішінен 26 мың қызметкер уақытша үйге жіберілген болатын.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

18 маусым 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.