Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Алматыда «Нұр-Али Капитал» ЖШС құрылтайшысы ұсталды

2 683 просмотра

16 маусымда Атырау полициясының қызметкерлері Алматыда алаяқтық жолмен салымшылардың жылжымалы мүлкі мен ақшаларын иемденген «Нұр-Али Капитал» ЖШС құрылтайшысын ұстады. Ол осы жылдың ақпан айынан бері іздеуде жүрген еді.

Атырау облыстық ПД басшысының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ атап өткендей, Атырау қаласының тергеу соты оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай тағайындаған.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық туралы қылмыстық істі Атырау облысының полиция департаменті тергеуде. Тергеу ІІМ бақылауына алынған.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың ақпан айында полиция зардап шеккендерден көп шағым түскеннен кейін осы компания ломбардының қызметін тексеруді бастады. Бейресми мәліметтерге сәйкес, Атыраудағы «Нұр-Али Капитал» ЖШС әрекетінен зардап шеккендер саны 300-ден көп, ал жалпы келтірілген залал жарты миллиард теңгеден асады.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар мына сызба бойынша әрекет еткен: ломбард автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан 20% қымбат бағаға 3 айға бөліп төлеу арқылы сатып алады (әсіресе, бұл қалай құтыларын білмей жүрген армян және ресейлік нөмірі бар көлік иелеріне тиімді болып көрінген). Әрі қарай нотариуспен ломбардтың бірнеше ай ішінде ақша төлеуге кепілдік беретіні көрсетілген келісім жасалады. Бұдан басқа, айына 30-40%-бен ақша салуға мүмкіндік беріледі. Алданған клиенттердің ешқайсысы «пайызбен» берілетін ақшаларын ақыры ала алмады.

Айнұр САПАРОВА

18 маусым 2020, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.