Атырау, 20 мамыр 17:51
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

27 мың марқұм: Испанияда коронавирус құрбандарын еске алу рәсімі өтеді

2 862 просмотра

Испания премьер-министрі Педро Санчес 16 шілдеде елде коронавирус пандемиясынан қайтыс болған 27 000 адамды еске алу мемлекеттік рәсімі өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Санчестің айтуынша, мемлекеттік рәсімге Испания Королі Филипп VI, Еуропа одағы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды шенеуніктері қатысады. Бұрын хабарлағанымыздай, Испания коронавирус тарала бастаған сәттен ең қатал оқшаулау режимін енгізген. 

Індетті ауыздықтау үшін елге екі айға жуық уақыт қажет болды. Испанияда 244 000 адам коронавирус жұқтырды. Елдегі пандемия құрбандарының саны 27 136-ға жетті.



17 маусым 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.