Атырау, 2 мамыр 20:23
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Маусымнан бастап "Ембімұнайгаз"-да вирус жұқтырған​ 136 жұмысшы анықталды

3 074 просмотра

Маусым айынан бастап Жылыой ауданындағы Тереңөзек, Қисымбай, Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен орындарында «ЕМГ» АҚ-ның 62 және мердігер компаниялардың 55 қызметкерінде COVID-19 анықталды.   

Бұған қоса, маусым айында міндетті скрининг кезінде «ЕМГ»-нің 19 жұмысшысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы «ЕМГ» баспасөз қызметі хабарлады.

Ауру белгілері байқалатын вирус жұқтырғандар Құлсары мен Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды. Ауру белгілері байқалмайтын жұмысшылар отбасының өзге мүшелерінен өзін оқшаулап, үй карантиніне орналастырылды. Ал, үй жағдайлары оқшаулау талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейтін адамдар Береке ықшам ауданындағы арнайы жабдықталған үйлерге карантинге жатқызылды. ПЦР тесттері теріс нәтиже көрсеткен жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауда. 

«Дағдарыс ахуалын басқару және короновирус инфекциясын таратпау жөніндегі ЕМГ штабы Жылыой және Қызылқоға аудандарының аудандық СЭС органдарымен бірлесіп, компанияның жұмыс істеп жатқан қызметкерлері үшін қауіпсіздік шараларын және кеніштің барлық нысандарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. ЕМГ-нің барлық нысандарында қатаң санитарлық-дезинфекциялау режимі күшейтіліп, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, «Жылыоймұнайгаз» бен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің кеншітерінде жұмыс вахтасының мерзімі 14-тен 28 күнге дейін ұзартылды. Бүкіл кеніш қалыпты режимде жұмыс істеуде. Вахтаға жіберілген ЕМГ және мердігер мекемелердің барлық жұмысшысы ПЦР-тесттен кейін вирус жұқтыруды болдырмау мақсатында 5 күндік карантинге жатқызылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігі қашықтан жұмыс режиміне жіберілді. Ал, қызметкерлердің бас кеңсе ғимаратында болу уақыты түскі үзіліссіз сағат 15.00-ге дейін қысқартылды. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 маусым 2020, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.