Атырау, 2 мамыр 19:19
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

№30 балабақшаның тағы екі қызметкерінен Covid-19 анықталды

Бейнежазба
2 585 просмотра

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА хабарлады.

Бұдан бұрын «АЖ» балабақша тәрбиешісінің көмекшісінен коронавирус анықталғанын хабарлаған еді.

Жағдай былай болған. 8 маусымда таңертеңгі тексеру кезінде бір топтағы тәрбиешінің көмекшісінен вирустық ауру белгілері: тамағы ауырып, мұрынының бітелуі анықталған. Оны жұмысқа қоспай, тұрғылықты жері бойынша дәрігерге жібереді. Ол сол жерде коронавирусқа анализ тапсырған. 11 маусымда нәтижесі оң болып шығып, әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Келесі күні балабақша жабылып, дезинфекция жұмыстары басталды. Бүкіл бала мен 60 қызметкерден анализ алынды. Басқа топтың тәрбиешісі мен аула тазалаушыдан оң нәтиже шықты. Оларда ауру белгілері байқалмай өтуде, сондықтан қазір үй карантиніне алынған.

- Қазір балабақша жабылды. Бұған дейін оған 230-дан астам бала барған. Қазір қаладағы бүкіл балабақшаны жабу туралы мәселе шешілуде. Қаладағы балабақша саны - 100, оның 46-сы - мемлекеттік балабақша, барлығы 20 мыңдай бала барады, - дейді А.Есмағамбетова.

Естеріңізге салсақ, төтенше жағдайға және карантинге байланысты мектепке дейінгі мекемелер ұзақ уақыт жабық болды. 20 мамырда кезекші топтар жұмыстарын бастады, ал 1 шілдеден бастап балабақша толық ашылды. Алайда балабақшаға келушілер күрт азайды. Шамасы, ата-аналар бүлдіршіндерінің денсаулығына қауіптенетін шығар. Жазғы каникул басталғанда кішкентайларын үлкен балаларының қарауына қалдыра алатын мүмкіндік те туған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Автор түсірген бейнежазба

17 маусым 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.