Атырау, 3 мамыр 02:33
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда өрт сөндірушілер пәтердің иесін өрттен құтқарып қалды

Сурет
3 052 просмотра


16 маусым күні сағат 20.04-те ТЖД диспетчерлік пунктіне Атыраудағы 8 март көшесінде 5 қабатты үйдің бір пәтері өртеніп жатыр деген хабар түсті.  

Өрт сөндірушілер келгенде, пәтер ішінен құлыптаулы болған, сондықтан ішке балконнан кіруге тура келді. 77 жастағы үйдің иесі түтінге уланып, есінен танып қалған. Өрт сөндірушілер оны құтқарып алып шықты да «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды. Сол дәлізден 63 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 7 бала.

Өрт сағат 20.28-де толық өшірілді.

-Адам шығыны жоқ, - деп хабарлады ТЖД. - Өрттің себебі анықталуда, алдын ала болжам бойынша – сплит-жүйесі жанған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған суреттер

17 маусым 2020, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.