Атырау, 3 мамыр 06:56
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысында дала өрті болды

Сурет Бейнежазба
4 408 просмотра

15 маусым күні сағат 18.55-те Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Қамысқала ауылының маңында даланың өртеніп жатқаны жөнінде хабар түсті. Өрт аумағы - 35-40 гектардай жер.

ТЖД ақпараты бойынша, өртті сөндіруге 25 адам (оның ішінде 8 адам - ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 адам – жергілікті тұрғындар), 6 техника жұмылдырылды. Өрт 16 маусым күні сағат 10:30-да сөндірілді.

Жыл сайын өңірімізде аптап ыстықта далада өрт шығып тұрады. Бұл биыл орын алған бірінші өрт және ең соңғысы болсын деп тілейік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД ұсынған суреттер мен бейнежазба

16 маусым 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.