Атырау, 3 мамыр 01:12
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атыраудың масасына у да әсер етпейді

2 670 просмотра

Биыл Атыраудағы масаларды улау тендерін «AG Disinfection Services» ЖШС осымен бірнеше рет ұтып алды. Ол басқалармен салыстырғанда 38 миллион теңгеге бүкіл жұмысты орындау туралы ең үнемді ұсыныс жасаған.

- Жұмыстар қызу жүріп жатыр, оны 23 қызметкер атқаруда, - дейді кәсіпорынның биолог-энтомологы Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВА. – Біз Агран Циперметрин, Сольфак және Медилис Ципер препараттарын пайдаланамыз. Бұлар күшті әсері бар дәрі-дәрмектер – бұлардан күштісі әлі ойлап табылған жоқ. Бірақ масалар бұларға «үйрене» бастады, сондықтан улау көлемі мен жиілігін арттыруға тура келеді.

Атыраудың табиғи климаттық ерекшелігін ескерсек, масамен күресушілер бұл жұмыстарды сәуірде бастап кеткен.

- Біздің компанияда алты бригада бар, оның екеуі күндіз көппәтерлі үйлердің жертөлесі мен подъездерін улайды. Ал 4 бригада ашық жерде – көшеде, паркте, қала маңындағы ауылдарда сағат 20-дан түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді, - дейді А. Дәулетьярова.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 маусым 2020, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.