Атырау, 2 мамыр 21:56
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау-Орал трассасында екі учаске қайта жаңғыртылады

3 167 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау-Орал трассасының бір бөлігі төрт жолақты болады. Бұған дейін бұл жолдың ақылы болатыны хабарланған еді.

ИИДМ хабарлағандай, қазір Атырау жақтан 75-125 шақырымдық учаскені қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлейтін компанияны анықтау процедуралары басталған. Бұл - жолдың 50 шақырымдық бөлігіне қатысты жұмыстар. Бұдан басқа, Атырау жақтан 370-492 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жоспарланды.

Осыған дейін «АЖ» хабарлағандай, 2021 жылдан бастап Атырау-Орал және Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасымен шекара трассалары ақылы болады.

- Бүгінде тиісті инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде, содан  кейін сынақ түрінде пайдаланыла бастайды. 2021 жылдан бастап ақы алынады, - деп жауап берді «АЖ» сұрағына ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің баспасөз хатшысы Әсел СҮЛЕЙМЕНОВА.

- Алынатын ақы мөлшері белгілі ме?

- Әзірге белгісіз, талқыланып жатыр. Қазіргі Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас және Алматы – Қапшағай секілді ақылы жолдардағы тариф болатын шығар.

Ал әзірге республикалық маңыздағы «Атырау-Орал» трассасының жағдайы мәз емес. Бұл жерде кісі өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады. Мәселен, 26 ақпанда жүк көлігі мен автобус соқтығысқанда 3 адам қаза болып, 15 адам жарақат алды.

Фархат ӘБІЛОВ

16 маусым 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.