Атырау, 3 мамыр 00:29
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысында коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды

4 207 просмотра

Атырау облысы, Жылыой ауданында 1972 жылғы науқас 15 маусымда көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті штаб. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, марқұм 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген. 

КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің 50 %-ның қабынуы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына аударылып, көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Облыстық аурухана мамандарымен кеңесе отырып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер тарапынан жасалған көмек деңгейіне қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды. 

Бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.

16 маусым 2020, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.