Атырау, 12 мамыр 22:17
 ашықВ Атырау +13
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды

2 788 просмотра

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Асхат Ораловтың дене қызуы көтерілген. Осыған байланысты ол коронавирусқа тест тапсырды. Сынама оң нәтиже көрсетті", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде әкім орынбасарымен араласқан адамдардың барлығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу шаралары жалғасуда.

"Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері коронавирус инфекциясына тест тапсырып шықты. Оның нәтижесі туралы қосымша ақпарат таратылады", - делінген ресми хабарламада.

Ал облыс әкімі күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Одан кейін инфекция депутат Бекболат Тілеуханнан табылды. Ал демалыс күндері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Министрде пневмония анықталып отыр.


16 маусым 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.