Атырау, 13 мамыр 16:31
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Ресейден Қазақстанға оралу талаптары жеңілдеді

2 383 просмотра

Қазақстандықтарға енді Ресейден отанына оралу үшін елшілікке жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Енді елшілік арнайы рейстер, репатриациялық рейстер күнін жариялайды, ал азаматтар авиакомпанияның сайтына кіріп, билет сатып ала алады.

"Жоспарланып отырған арнайы авиарейстер туралы ақпарат осы сайтта және елшіліктің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылатын болады. Отанға оралуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымнан бастап тоқтатылады. Бұл ретте бұрын қабылданған өтінімдермен жұмыс басым тәртіппен жалғасады", - деп хабарлады елшілікте.

Жақын арадағы рейс 19 маусымда "Мәскеу-Алматы" бағыты бойынша орындалады.

Ал SCAT әуе компаниясы Ресеймен тұрақты байланыс әлі ашылмағандығын атап өтті. 

"Әуекомпания Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің тапсырысы бойынша рейсті орындайды. Әуекомпания - орындаушы. Билеттер сайтта сатылады, билеттер еркін қол жетімді. Елшілік адамдарға ескертеді. Әуекомпания сайтта және әлеуметтік желілерде хабарландыру жасайды. Сайтта билеттерді Қазақстанның барлық азаматтары, тіпті бұған дейін елшілікке жүгінбеген азаматтар да сатып ала алады", - деп нақтылады SCAT-тың PR-департаментінің басшысы Виктория Старожилова.


16 маусым 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.