Атырау, 3 мамыр 02:09
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда бөгет бекеттердің қойылатыны - қауесет, бірақ…

6 912 просмотра


- Әлеуметтік желіде Атырау қайтадан жабылып, блок бекеттер қойылады деп айтылып жатыр, бұл қауесет қана, мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ, - деп жауап берді «АЖ» сауалына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алайда «Ақ үй» тұрғындарға жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және қашықтықты қатаң сақтау қажеттілігін ескертуде.

Қазір әлеуметтік желіде қала тұрғындарының «босаңсып» кеткені, маска тақпайтыны, ешқандай қашықтық сақталмайтыны туралы  сурет, бейнежазбалар өте көп. Жағалау бойында кеш сайын жастар толып жүреді. Ал  Covid-19 жұқтырғандар саны облыс орталығында да, аудандарда да күннен күнге көбейіп барады.

Жақында Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантиндік шаралар қайтадан күшейтілді, Көкшетауда периметр бойынша қайтадан блок бекеттер қойылды.

Фархат ӘБІЛОВ

16 маусым 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.