Атырау, 10 мамыр 04:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ақтауда карантин кезінде жағажайға "жарты қала" жиналған

Бейнежазба
3 227 просмотра

Ақтауда куәгерлер карантин кезінде қаладағы жағажайлардың бірінде толып жүрген адамдарды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, "жарты қала" теңізге шомылуға жиналған. Бұл күні (14 маусымда) ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілген болатын. 

Маңғыстау облысының санитар дәрігерлері тұрғындардың аптапта суға шомылғысы келгеніне түсіністікпен қарады, бірақ қашықтық пен сақтық шараларын ұстануға шақырды. 

"Жаз биыл өте ыстық, үйде отыру қиын. Облыс тұрғындарының теңізге түсіп, отбасымен жағажайда демалғысы келгенін түсінеміз. Бірақ тұрғындардан сақтық шаралары мен демалып жатқан басқа адамдардан қашықтықты сақтауды сұраймыз", - дейді Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінде. 
16 маусым 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.