Атырау, 2 мамыр 19:27
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау мен Құлсарыда Covid-19 жағдайлары анықталды

4 663 просмотра

15 маусымдағы ахуал бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясының белгілері бар 14 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 8 адам Құлсары қаласы Жылыой ауданында тіркелді. Олардың үшеуі 1994, 1989, 1966 жылы туған ер адамдар және бесеуі 1968, 1997, 1993, 2003, 1972 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен кезде анықталған, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 6 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1976, 1986, 1992, 2000, 1951 жылы туған ер адамдар және 1998 жылы туған әйел адам. 2 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, ал қалғаны COVID-19  скрининг өту кезінде анықталған және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

15 маусымдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 986.

16 маусым 2020, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.