Атырау, 10 мамыр 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сот хроникасы

2 733 просмотра

Махамбет аудандық сотының судьясы бекіре тұқымдас балығын заңсыз тасымалдаушыға қатысты үкім шығарды.  

Сот деректерінде көрсетілгендей, 28 сәуірде оны полиция тоқтатып, «Тойота» автокөлігінен салмағы 4 келе болатын бекіре тұқымдас балық тауып алды. ҚР ҚК 339 бабымен («Жануарлардың тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») тергеу жүргізілді. Сотталушы кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.   

* * * * *

Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Өзбекстан азаматына ҚР ҚК 99 бабымен («Кісі өлтіру») үкім шығарды.  

Қылмыстық іс материалында көрсетілгендей, Жаңаталап ықшамауданындағы үйде Өзбекстанның төрт азаматы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Солардың бірі бұл жерде жұмыс жасағысы келмей, кеткісі келетінінін айтпақ болып, киімдерін жинап, асхана пышағын қалтасына салып алып аулаға шығып, жұмыс тауып берушіден жасаған жұмысының ақысын сұрайды. Ол жұмыс толық аяқталғасын төлейтіні айтады. Екеуара жанжал туып, ақырында жұмысшы жұмыс берушінің кеуде тұсына пышақ сұғып, жәбірленуші есін жимастан көз жұмады. Бұл  іс бойынша 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім жарияланды.  

* * * * *

Қызылқоға аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігімен («Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам алкогольдік масаң күйде көлікті басқаруы») әкімшілік іс қаралды.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Сот 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде қаулы шығарды.  

* * * * *

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтКнің 73 бабы 1 бөлігімен («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») айыпталған Ж. А.  қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс материалында көрсетілгендей, осы жылдың маусым айында ол Көкарна ауылында тұратын анасына былапыт сөздер айтқан. Анасына дөрекілік көрсеткен оған сот қаулысымен ескерту беріліп, 6 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынды. 

15 маусым 2020, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.