Атырау, 10 мамыр 01:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Енді мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру мәселелері үшін Рахметов жауап береді

4 629 просмотра

Бүгін, 15 маусымда ҚР Қаржы министрлігі Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа басшысы болып 37 жастағы Қайсар РАХМЕТОВ тағайындалды.

Биографиялық анықтама.

Рахметов Қайсар Саматұлы 2007-2009 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында түрлі лауазым атқарған. 2009-2012 жылдар аралығында ол ХҚКО Атырау қалалық филиалының басшысы, облыстық ХҚКО директорының орынбасары, 2012-2017 жылдары - Сату бөлімінің бастығы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ менеджмент жүйелері және әкімшілік мәселелер бөлімінің бастығы, 2018-2019 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, 2017-2018 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Стратегиялық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Құжат айналымы департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Одан бұрын осы лауазымда жұмыс істеген Нариман ТАУШОВ  биылғы 27 наурыздан бастап Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұсынған сурет

15 маусым 2020, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.