Атырау, 6 мамыр 07:19
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 32 адам тіркелді

4 063 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар  32 адам тіркелді, деп хабарлайды жергілікті штаб.

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.Олар 1991, 1982 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуі  ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, екіншісі инфекция  жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Ал тағы 20 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олар скринингтен өту кезінде  және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және  ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.Тағы 4 жағдай Индер ауданының 1972, 1953, 1972, 1955  жылы туған тұрғындарынан және 6 жағдай  Жылыой ауданынан тіркелді.Барлығы скринигтен өту кезінде және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.            
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

12 маусымдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1296 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны - 897.

13 маусым 2020, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.