Атырау, 6 мамыр 12:05
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 14 адам тіркелді

2 976 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 14 адам тіркелді, деп хабарлайды жергілікті штаб.

COVID-19 жұқтырған 3 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1968, 1991 жылы туған ер адамдар және 1994 жылы туған әйел адам. Олардың екеуі ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, біреуі скринингтен өткен қызметкерлер.     

Ал тағы 9 адам Атырау қаласының тұрғындары. Олардың сегізінен COVID-19 скринингтен өткен кезде анықталған, біреуі  ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. 

Сондай-ақ 1 адам Қызылқоға ауданының 1969 жылы туған тұрғынынан тіркелді. Ол инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды. 

Тағы 1 жағдай Индер ауданынан тіркелді. Ол 1964 жылы туған ер адам, одан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталды.
                                                 
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
                                                  
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

11 маусымдағы жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1246 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 892.

12 маусым 2020, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.