Атырау, 17 мамыр 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео

Бейнежазба
3 008 просмотра

"Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның экс-президенті мен Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Жерді қашықтан бақылаудың ғарыштық жүйесі" жобасына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін тергеу кезінде бірнеше лауазымды тұлғаның заңсыз әрекетін анықтады. Біреуі - "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның экс-президенті болса, екіншісі - Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары.

Екеуіне лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылды. Бұдан бөлек, "Қазақстан Ғарыш Сапарының" тағы бір бұрынғы басшысы қыруар бюджет қаржысын банк есепшотына заңсыз салған.   

"Акционерлік қоғамның бұрынғы басшылығы 2009 жылы 6 қазанда екі жер серігін жеткізу бойынша  "EADSAstrium" француз компаниясымен 260 миллион еуроға заңсыз келісімшарт рәсімдеген. Осы сомаға қаржы-экономикалық негіздеме де болмаған. Ал "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясының тағы бір экс-президенті, артынан бір министрлікте вице-министр болған лауазымды тұлға 1,6 миллиард теңге көлеміндегі бос қаржыны "Астана Банк" АҚ-ға негізсіз салғаны үшін айыпталып отыр. Банк дефолтынан кейін ол қаражат қайтарылған жоқ", - делінген ресми хабарламада. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі осы іске қатысы бар "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясы мен Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты қызметкерлерінің үйлеріне тінту жасап шықты. Сол кезде тиісті құжаттар, сондай-ақ, ұлттық және шетелдік валюта табылды. Жобаға қатысқан және стратегиялық шешім қабылдаған адамдардан жауап алынды. Тергеу шаралары жағасуда.


11 маусым 2020, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.