Атырау, 17 мамыр 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді

Бейнежазба
3 723 просмотра

Маңғыстау облысында өзгеше әдіспен пара алған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Мұнайлы аудандық әкімдігіне қарасты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алғаны үшін айыпталып отыр. Атап айтқанда, шенеунік өз үйіне асүй жиһазының үстіңгі тақтайы мен оған тіркелетін жуғышты орнатқызған. Құқық қорғаушылар жиһаздың астыңғы жағына "пара" деген белгіні жазып, заңбұзушылықты әшкереледі.

"Күдікті өз кінәсін мойындады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді тергеушілер.


11 маусым 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.