Атырау, 7 мамыр 17:57
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Министр атыраулық жеңімпаздарды марапаттады

2 764 просмотра

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологтар күні экологиялық тақырыпта сурет, қолдан жасалған бұйымдар мен бейнероликтерге республикалық конкурс ұйымдастырып, оның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

«Әрбір адам бала кезінен бастап жерге, суға, ауаға ұқыпты қарау туралы ойланып, оларды сақтауға тырысу керек. Тек қана біз – ересектер мен балалар – ғаламшардың ресурстарын тұтынуды төмендетіп, табиғатымызды сақтап қала аламыз. Менің жас достарым, туған ел табиғатын қорғауға белсенді араласады деп сенемін», - деді Министр өзінің құттықтау сөзінде.

Байқау «Табиғатты және экологияны сақтау», «Жануарлар дүниесін сақтау», «Қоқысты сұрыптау» бағыттары бойынша іске қосылды.

Қазылар алқасына 2000-нан астам жұмыс келіп түсті. Шығармашылық көзқарас, өзектілік, креативтілік ескерілді.

Әрбір сурет, оқушылардың әр жұмысы туған елдің табиғатына қамқорлық пен үлкен маңызға ие.

Қуантарлығы, атыраулық 4-сынып оқушысы Самира Сисенғали байқаудың Гран-при иегері атанды, ал бірінші және үшінші орындарды кішкентай жерлестеріміз Асан Берік пен Алмас Ғабидолла иеленді.

Мирас МҰСТАФАЕВ

10 маусым 2020, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.