Атырау, 13 мамыр 14:25
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қырғызстанның экс-премьері 18 жылға сотталды

2 999 просмотра

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды 24.kg.

Дереккөз мәліметінше, қылмыстық іс Бішкектегі Первомайск аудандық сотында судья Марат Сыдықовтың төрағалығымен өткен.

Сот экс премьер-министрді Қырғызстан Республикасының 319-бабы бойынша айыпты деп танып, 18 жылға бас бостандығынан шектеді.

Сот үкімі бойынша, Сапар Исаков тарихи музейді қайта салу ісіне қатысты айыпты деп танылып отыр. Яғни, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген. 

Сондай-ақ, ол соттың шешімімен мемлекетте 247 миллион 650 мың 281 сом төлеуге міндеттелді. Бұл шамамен 1,3 миллиард теңге.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 маусым 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.