Атырау, 13 мамыр 06:12
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Алматыда 800-ге тарта адамды алдап кеткен қылмыстық топ қолға түсті

2 657 просмотра

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған криптовалютамен халықты 1 миллиард теңгеге алдап кеткен қылмыстық топ туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин кезінде халық интернет арқылы тапсырыс көп жасайды, тауар мен қызметтерді сатып алады. Алаяқтық әрекеттер де күрт көбейген.

"Жақында ғана Алматы қаласында интернет арқылы алаяқтық жасаған топ құрықталды. Олар халықты алдаудың тұтас бір схемасын жасап шыққан. Қылмыскерлер жалған криптовалюта шығарып, 1 миллиард теңгеден астам ақшаны қолды қылған. Осы қылмыстан 800-ге жуық адам зардап шекті", - деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Осы орайда министр электронды төлем жүйесі арқылы сауда жасау кезінде барынша абай болуға кеңес берді.

"Алдымен интернеттегі жарнаманың шынайылығына көз жеткізіңіз. Сервистерді де тексеріп алыңыз. Содан кейін ғана сауда жасаған дұрыс. Технология дамыған сайын алаяқтық пен ұрлықтың түрлері көбейіп жатыр. Алаяқтар да түрлі амалдар ойлап табады", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.


9 маусым 2020, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.