Атырау, 12 мамыр 22:49
 ашықВ Атырау +13
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Ішкі істер министрі суицидке итермелейтін басты проблеманы атады

2 649 просмотра

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай кезінде кәмелеттік жасқа толмағандардың өз-өзіне қол салу оқиғасы көбейіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 58 жасөспірім өз-өзіне қол салды. Бұдан бөлек, 137 бала суицид жасауға әрекет еткен. Бірақ оларды құтқарып қалды.

"Осы орайда маңызды бір мәселені айта кеткен жөн, жасөспірімдер арасындағы суицидтің тең жартысы төтенше жағдай режимі кезінде болған. Бұл дегеніміз, кәмелеттік жасқа толмағандардың өз-өзіне қол салуы отбасы проблемаларымен байланысты, – деді Тұрғымбаев бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, төтенше жағдай жарияланған уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 процентке өскен.

"Төтенше жағдай кезінде адамдар үйден шықпай отырды. Сол кезде дағдарыс орталықтарына хабарласқан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны өсті. Өкінішке қарай, зардап шеккен 10 адамның ішінде екеуі ғана полицияға арыз беруге келіседі", – деп атап көрсетті Тұрғымбаев.


9 маусым 2020, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.