Атырау, 13 мамыр 02:28
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

3 012 просмотра

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді. Ал жұма намазына қатысты шешім әлі қабылданбады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мешіттерде таң, бесін, екінті намазы мен ақшам және құптан намазын санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жамағатпен оқуға рұқсат етілді", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі.

Діни басқарма жұма намазын жамағатпен оқуға қатысты шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Ал мешіттердегі намаз кезінде жалпы аумақтың 30%-іне дейін толтыруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, діни мекемелердегі шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлі де өзгеруі мүмкін. Яғни, күшейтіледі немесе жеңілдетіледі.

Жалпы, Қазақстанда карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін мешіттердің қызметі 18 мамырдан бастап қайта жандана бастады. Бірақ алғашқы кезеңде тек жеке намаз оқу мен Құран оқуға және үйлену рәсімдеріне ғана рұқсат етілген болатын.

19 мамырдан 20 мамырға қараған түні ел мұсылмандары Қадір түнін мешіттерде емес, әркім өз үйінде атап өтті. Сонымен қатар 24 мамыр күні мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айт мерекесін де қазақстандықтар үйде атап өтіп, карантинге байланысты айт намазы жамағатпен оқылмады.


9 маусым 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.