Атырау, 12 мамыр 17:48
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сурет
2 835 просмотра

Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл оқиға көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.

Жарияланған бейнежазбада павлодарлық тұрғынның отбасымен тұрғаны, әрі отағасының әлденені ішіп тұрғаны анық көрінеді. Оларға тәртіп сақшысы жақындап, куәлігін көрсетіп жатқаны сол еді полицейдің қолындағы құжатты қағып жібергені де байқалады. Артынша олар жаға жыртысқан. Полицей жарақат алған. Оқиға куәгері тәртіп бұзышының - әйелі. Оның айтуынша, күйеуі ішімдік ішкенімен, мас болмаған. 

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға тұрғынның қоғамдық орында ішімдік ішкені себеп болған. Онымен қоймай ол тәртіп сақшасына дөрекі мінез көрсетіп, билік өкілін соққыға жыққан - деді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалыпты.

"Полиция қызметкері шабуыл жасаушыға ешқандай қарсы әрекет жасап немесе қорғаныс құралдарын қолданған жоқ. Себебі шабуылдаушының қолында баласы болды. Сол себептен полицей өз-өзін тек соққыдан ғана қорғап қимыл жасады. Тіпті, видеода шабуылдаушы оны соққылап жатса да, баланы қорғау үшін әрекет етіп, ұстап қалғаны көрінеді. Ал шабуылдаушы полицейді ұрып, аяқпен теуіп, құлағын тістеп дене жарақатын салды", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Төбелестің шығуына полицейдің кәнісінің бар-жоғы анықталмақ. Ол үшін қызметтік тексеру басталыпты. Полиция бұзақының бұған дейін де қылмысы үшін сотты болғанын айтады. Егер оның кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.

9 маусым 2020, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.