Атырау, 10 мамыр 01:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан құрамасының қақпашысына ақша үшін ұтыла салу ұсынылған

2 317 просмотра

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников карьерасында оған бірнеше рет ұтыла салуды ұсынғанын айтты. Сонымен бірге, ол ел чемпионатындағы ең әсерлі сәттерді есіне алды. Бұл туралы Vesti.kz сайтында жарияланды. 

"Ақша үшін ұтыла салуды ұсынатын, бірнеше рет. Олардың арасында ісімді жүргізетін агентімнің сұрағаны ең үлкен сатқындық пен жауыздық болды. Содан кейін онымен қарым-қатынасымды үздім. 

Қазақстанда қалай тұрдым? Өте ұнайтын, әлі де онда барған кезде қуанамын, әйелім Алматыдан. Маған да қатынас оңды еді, әсіресе жақсы ойын көрсеткенде. Нашар ойын болғанда, қатынас та нашарлай түсетін, бірақ, бұл заңды да.

Қазақстандағы карьерамның есте қалған ең әсерлі сәті - "Ақтөбемен" үшінші чемпиондық, "Ордабасыға" қарсы ойын, ол кездегі эмоциаларды ешқашан ұмытпаспын", - дейді Сидельников Instragram желісінде. 

Дереккөз: Vesti.kz 

8 маусым 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.