Атырау, 10 мамыр 16:39
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Маңғыстауда мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққудың видеосы пайда болды

3 335 просмотра

Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген жабайы аққудың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Youtube-та жарияланды. Кадрларда құс мұнай сияқты майлы сұйықтықта жүзіп жүр. Кадр сыртындағылар құстың осындай жағдайға бейімделе алғанына аң-таң. 

Куәгерлердің айтуынша, видео Солтүстік Бозашы кен орны маңында түсірілген. Қазір оқиға болған жерге Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері шықты.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

8 маусым 2020, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.