Атырау, 10 мамыр 10:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Атырауда карантин болады деген ақпарат – жалған»

Бейнежазба
3 658 просмотра

Әлеуметтік желіде Мақат және Жылыой аудандарында карантин 21 маусымға дейін созылады, ал Атырауда 10 маусымнан бастап карантин қайта енгізіледі деген хабарлама тарады. Оған қоса халықты «дүрліктірмеу» үшін бұл хабарламаның сол күнге дейін айтылмайтындығы да ескертіле кетіпті. Бұл ақпаратты Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ жоққа шығарды.

-Бұл хабар мүлдем жалған ақпарат екенін ескертемін. Мұндай хабарламаға сенім білдірмей, деректерді тек ресми ақпараттардан алуды сұраймын, - деді А.Жұмағалиев. - Коронавирус дерті шыққалы бірнеше рет осындай шындыққа сәйкес келмейтін қауесет таратылды. Жалған ақпарат таратқаны үшін кей жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерте кеткіміз келеді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды 

8 маусым 2020, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.