Атырау, 10 мамыр 19:47
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қостанайда сотталушы колониядан қашып кетті

2 807 просмотра

Қостанайда сотталушы колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алауға" сілтеме жасап.

Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1994 жылы 4 маусымда туған сотталушы Нұрсұлтан Сариманов жазасын өтеуден жалтарған.

Нұрсұлтан Сариманов біреудің мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде өтеп жатқан.

Бұл дерек Қостанай полициясында тіркелген. Тергеу бөлімі ҚР ҚК 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Оның қайда екенін анықтау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

8 маусым 2020, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.