Атырау, 10 мамыр 19:32
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Өзімізде құрылыс материалдары жоқ па?

3 488 просмотра

Атырауда мердігер компаниялар құрылыс кезінде отандық материалдарды пайдалану туралы талаптарды елемейді. Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысында осы мәселе қозғалды.

- Карантин кезінде кәсіпорындардың көпшілігі өз қызметін тоқтатты, бұл бизнес көлемінің төмендеуіне әкелді. Сондықтан қазір мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту өте өзекті болып отыр, - дейді Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРИСОВ.

Оның айтуынша, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезіндегі басты талап - отандық өндірістің құрылыс материалдарын пайдалану. Конкурстық іріктеу кезінде мердігер компаниялар осы ережемен келіседі, алайда келісімшарт жасалғаннан кейін өз міндетін орындамай жатады. Бұл ең алдымен инженерлік коммуникация құбырлары мен әрлеу материалдарына қатысты.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары құны 100 млн теңгеден астам құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу көлемі бойынша мониторинг жүргізді. Ережеге сәйкес бұл ақпаратты өңірлік палаталарға жергілікті әкімдіктер ұсынуы тиіс. Ал іс жүзінде ақпарат толық ұсынылмайды. Сондықтан сарапшылар мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталынан алуға мәжбүр. Ал ол жерде келісімшарт бойынша нақты орындалуы көрсетіле бермейді...

1 маусымда сарапшылар құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жалпы сомасы 16,9 млрд теңгелік 30 сатып алу лотын тексерді. Оның ішінде, қазіргі уақытта 13 сатып алу лоты бойынша келісімшарттар жасалған, қалғандары әлі қаралуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.