Атырау, 28 сәуір 10:06
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​​Атырау облысында COVID-19 жұқтырған​ 11 адам тіркелд​і

3 953 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 11 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардан скринингтен өту кезінде инфекция анықталды.

Ал тағы 7 жағдай Жылыой ауданында тіркелді. Олардың ішінде екеуи ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал бесеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ бір адам 1993 жылы туған Атырау қаласынын тұрғыны, инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал тағы біреуі 1963 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғыны. Ол  ЖРВИ симптомы бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
                                                  
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

8 маусым 2020, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.