Атырау, 10 мамыр 05:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды

2 719 просмотра

Республикалық жедел штаб таратқан мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Оның бірі – 1957 жылы туған ер адам Павлодар облысының, екіншісі – 1948 жылы туған әйел адам Атырау облысының азаматы болса, 1963 жылы туған ер адам Қарағанды облысында тіркелді. 

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінге дейін еліміз бойынша коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 12 694 адамға жетсе, оның ішінде 7 376 науқас аурудан айығып шықты. Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

8 маусым 2020, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.