Атырау, 27 сәуір 21:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Армениялық» көліктер үшін мамандандырылған ХҚКО жексенбіде де жұмыс істейді

3 361 просмотра

Атырауда Арменияда сатып алынған көліктерді тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді. Енді полиция қызметкерлері мен ХҚКО мамандары жексенбіде де - сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

1 маусымнан бастап біздің мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген 160-астам көлік тіркелді. Тіркеуден басқа полиция қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 6 күн ішінде жаңа ережелер бойынша 300-ден астам адам кеңес алды.

Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиев елімізге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген көліктер ғана уақытша есепке алынатынын еске салды. Азаматтарға қолайлы болу үшін құжаттарды қабылдау жексенбі күні сағат 13.00-ке дейін жүзеге асырылады. Армения Республикасында тіркелген көлік құралдарының иелері көліктерді тіркеу үшін үш төлем төлеуі керек: тіркеу үшін алым - 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж салығы - 3 773 теңге, мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін баж салығы - 7 778 теңге. Осылайша көлікті уақытша тіркеу құны 11 946 теңге болады.

Көлік құралын тіркеу үшін: жеке куәлік; мемлекеттік тіркеу үшін 0,25% АЕК көлемінде төлем жасалғанын және мемлекеттік баж салықтары төленгенін растайтын түбіртектер; Арменияда берілген көлік құралын тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмірлер; оң рөлден солға ауыстырылған жағдайда көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік ұсынылады. Мемлекеттік не орыс тілінен өзге тілде жазылған құжаттар аударылып, аударманың дұрыстығы туралы нотариустың қолтаңбасымен куәландырылуы қажет.

Бүгінде Атырау облысында Армениядан әкелінген 7 мыңға жуық көлік бар.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 маусым 2020, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.