Атырау, 28 сәуір 13:17
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Көлік қас қағымда өртенеді

2 992 просмотра

Мамандардың айтуынша, жаз келсе, көлік өртенетін маусым басталады. Өткен жылы Атырау облысында 40 көлік өртенсе, жыл басынан бері 35 көлік өрт құшағында қалған.

- Көбінесе көліктердің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болады, - деп жауап берді ТЖД «АЖ» тілшісінің сұрағына. – Бағына қарай, барлығында да зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Көліктің тұтанғаны байқалмайды. Өрттің тұтануына қарай, салон іші бірнеше секундтан 3 минутқа дейінгі уақыт арасында өртке оранады. 10 минут ішінде жеңіл көліктен түк қалмайды. Жүк көліктері де сіріңке секілді түгі қалмай жанып кетеді.

Фархат ӘБІЛОВ 

6 маусым 2020, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.