Атырау, 2 мамыр 09:03
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда коронавирус жұқтырған 35 науқас анықталды

3 575 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 35  жағдай тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

COVID-19 жұқтырған 30 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 3 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Оның біреуі - жаңа туған нәресте, екеуі  1998, 1968  жылы туған әйел адамдар. Олардан  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде ПТР анализ  алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Тағы 2 жағдай  Жылыой  ауданының  1976,  1985 жылы туған әйел адамдардан  тіркелді.  1 адам ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған, екінші адамнан скринингтен өту кезінде анықталған.           

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

4 маусым 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.