Атырау, 6 мамыр 09:56
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Астраханьға жүретін автобус: Көрші елдермен қатынас қашан жанданады

3 676 просмотра
Көрнекі сурет

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Ресей, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті.

 «Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды. Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.

Қалааралық бағыттарға келетін болсақ, 5 маусымнан бастап Қазақстан бойынша тасымалдау қайта жанданады.

 «Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 5 маусымнан бастап автомобиль көлігі мен жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау кезінде Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі әзірленді:

- бағдардың соңғы пунктінде автобусқа дезинфекция жүргізу;

- жолаушыларды салонға маскамен ғана кіргізу;

- жолаушылардың 1 метр қашықтықты ұстануы;

- жүргізушіні қолғап, маскамен қамтамасыз ету, оны әрбір 2 сағат сайын ауыстыру;

- автопарк қызметкерін екі аптада 1 рет СOVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болған кезде ғана жұмысқа шығару сияқты талаптар қойылады.

Әкімдіктер жолаушы тасымалы кезінде коронавирус инфекцияның таралуының алдын алуда тиімді болу үшін тасымалдау процесіне қатысушылардың осы алгоритмге сәйкестігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Қазіргі уақытта республикада 313 қалааралық бағыт бар. Оларды 610 автобуспен (сыйымдылығы 45-55 орындық III санаттағы автобустар) 88 тасымалдаушы кәсіпорын атқарады», - делінген хабарламада.

31 мамыр 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.