Атырау, 28 сәуір 12:20
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қала әкімі коронавирус жұқтырды

4 854 просмотра

Теміртау қаласы әкімі коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта үйінде емделіп жатыр, денсаулығына шағымы жоқ. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің коронавирус жұқтырғаны жексенбі күні расталды. Байланыста болғандардың бәрі үй карантиніне алынды. Тест қорытындысы теріс болып шықты", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай уақытша әкім міндетін атқарады.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың жұмысқа қайта кіріскені хабарланды. Ол вирус расталғанға дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

2 маусым 2020, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.