Атырау, 27 сәуір 21:08
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шымкентте төбелестен 17 жастағы студент қайтыс болды

2 648 просмотра

Шымкентте төбелестен 17 жастағы жігіт қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, 1 маусымда сағат 23.45-те жігіт қайтыс болды. Комада жатты, жағдайы ауыр болды. Есін жимастан көз жұмды", - деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан. 

"Құлағы мен басынан қан кетт, саусақтарында тырнағы қалмаған. Аяусыз ұрып-соққан. Менің інім спортшы болатын. Оны 7-8 адам ұрған. Бірақ негізі одан да көп адам төбелесті. Осы іс бойынша 15 адам сот алдына келеді. Олардың төртеуі қамауға алынды дейді. Бірақ мен барлығының жауапкершілікке тартылғанын қалаймын. Жай сол жерде тұрып, төбелескендерді ажыратпағандардың да жауапкершілікке тартылғанын қалаймын", - деген еді бауырларының бірі.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

2 маусым 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.