Атырау, 6 мамыр 08:11
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

1 маусымнан бастап Атырауда карантин жойылып, бөгет бекеттер алынады (Қаулы)

2 485 просмотра

1 маусымнан бастап Атырауда карантин жойылып, уақыт шектеулері алынып тасталды, барлық меншік нысанындағы мекеме-кәсіпорындар жұмысы әдеттегіше іске қосылады. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында айтылған.

Карантин Мақат кентінде, Жылыой ауданында және Теңіз кен орнында сақталады.

Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мусағалиев Темірбек Сарымович ҚР “Халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі” туралы ҚР Кодексінің 150-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомство аралық комиссияның 2020 жылғы 20 мамырдағы хаттамасына және COVID-19 ауруының соңғы 7 күнде Атырау облысы халқының арасында 7 пайыздан төмен тіркелуіне орай, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Атырау облысы аумағында және Атырау қаласында шектеу шаралары созылсын және  Мақат ауданының Мақат кентінде, Жылыой ауданы және Теңіз кенішінде, Теңізшевройл компаниясының вахталық қалашықтарында және мердігер компанияларда (әрі қарай – COVID-19 таралуының ошағы болған елдімекендер) эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанша созылсын;

2. Атырау қаласында карантин 2020 жылғы 1 маусымн сағат 00.00-ден бастап алынып тасталсын. Бірақ, шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақталғанша сақталсын;

1) Азаматтарға тұрғылықты жерінен шығуға және қозғалуға рұқсат берілсін:  әлеуметтік ара қашықтықты 1,5-2 метрге дейін сақтап, міндетті түрде маска тағу арқылы;

2) Уақытша шектеулер алынып тасталсын және барлық кәсіпорын түрлеріне штаттық режимде  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 және 2020 жылғы 30 мамырдағы   №38  Қаулысына сәйкес (Бұдан  әрі – №37 №38 ҚР БМСДҚ) жұмысын жалғастыруға рұқсат берілсін (осы Қаулыда шектеу енгізілген қызмет түрлерінен басқа);

3.  2020 жылғы 1 маусым сағат 00.00-ден бастап, Атырау қаласындағы ауданаралық бөгет бекеттер алынып тасталсын (COVID-19 инфекциясы ошағы болып отырған елдімекендерден басқа)  

4. Атырау облысы әкімдігі:

  1) ірі көлемдегі думанды, спорттық, өзге де бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен бірге, отбасылық, еске алу шараларының, соның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынсын;

2) түнгі көңіл көтеру орындары қызметіне, кальян, адам көп шоғырланатын өзге де нысандардың  жұмысына тыйым салынсын;

3) эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына  тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық  ақпарат құралдарында ақпарат тарату жұмысы ұйымдастырылсын;

5. 2020 жылғы  1 маусымнан сағат 00.00-ден бастап, кәсіпкерліктің келесі субъектілерінің жұмысына және қатаң санитариялық-дезинфекциялық режимді ұстана отырып, рұқсат берілсін (COVID-19  инфекциясы ошағы болып табылатын елдімекендерден басқа):

1) сауда ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері ( 22.05.2020 жылғы №37 қосымшасына сәйкес, кинотеатр, фуд корт, балалар ойын алаңынан басқа)

2) фитнес орталықтар және барлық спорт нысандары ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысының №8 қосымшасына сәйкес;

3) кабинада 5 адамнан артық болмай сауна, монша (қоғамдық емес)  ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысының №42 қосымшасына сәйкес;

4) мектеп алды ұйымдар ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысының №14 қосымшасына  сәйкес;

5) қосымша білім беруді ұйымдастыру (топта 15 адамнан көп емес) ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысының №40 қосымшасына сәйкес;

6) ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар;

7) мәдениет орталығы нысандары (көрерменсіз, ҚР БМСД 22.05.2020  жылғы №37 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес);

8) туризм нысандары және халықтың уақытша тұруына қызмет көрсететін ұйымдардың қызметіне (қонақ үй, отель, хостел) ҚР БМСД 22.05.2020  жылғы №37 қаулысының 11 қосымшасына сәйкес;

9) қоғамдық тамақтану орындары, бір мезгілде 50 орыннан көп емес, көршілес үстелдердің арасында 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып; бірақ, ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынады ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысына сәйкес;

6. 2020 жылғы 1 маусым, сағат 7.00-ден бастап, діни нысандардың жұмысы қатаң санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қайта іске қосылсын, ауру ошақтарынан басқа; (бірақ, ұжымдық діни шараларға, яғни, жұма намаздары, сенбілік, жексенбілік қызмет және өзге де ұжымдық шараларға тыйым салынсын) ҚР БМСД 22.05.2020  жылғы №37 қаулысына сәйкес;

7. 2020 жылғы 1 маусым сағат 7.00 ден бастап, әуежай, теміржол вокзалы, автостанса, жолаушылар автобусы тасымалы және такси қызметі ауру ошақтарынан басқа елдімекендерде қайта іске қосылсын (ҚР БМСД 30.05.2020  жылғы №38 қаулысының № 12 қосымшасына сәйкес және ҚР БМСД 22.05.2020  жылғы №37 қаулысының №15 қосымшасындағы санитарлық талаптарға  сәйкес);

1)  Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы әуежай, теміржол вокзалы, автостансаларда бекітілген талаптардың орындалуын бақыласын.

8. 2020  жылғы 3 маусым сағат 7.00-ден бастап, базар мен дүкендердің жұмысы ( ауру ошақтары анықталған елдімекендерден басқа) қайта іске кіріссін,  22.05.2020  жылғы №37 қаулысының № 5 қосымшасына сәйкес санитариялық режим сақталсын;

1) базар әкімшіліктері Атырау облысының шұғыл штабын құлақтандыра отырып, 1, 3 маусымнан бастап, санитариялық, эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік бойынша дайындық жұмыстарын бастасын.

9. Өндірістік кәсіпорындар мен нысандарда вахталық әдіспен жасап жатқан жұмысшылардың кіру, шығу тәртібін қоса ала отырып, санитариялық, дезинфекциялық шаралар жүргізілсін 22.05.2020  жылғы №37 қаулысының № 21 қосымшасына сәйкес;

1. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

1) медициналық орындарда жоспарлы медициналық қызметтерді қалпына келтірсін;

2) таза және лас аймаққа бөлу принципі арқылы, барлық медициналық ұйымдар жұмысын жалғастырсын;

3) Covid-19 ошағынан келген тұлғаларды үй жағдайында медициналық бақылауда ұсталсын және үй карантині талаптарын сақтауы бақылансын;

2. Атырау облысы ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) коронавирус инфекциясының таралуы бойынша профилактикалық жұмыстар бойынша облыс тұрғындары арасында ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүргізсін;

3. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

4. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

31 мамыр 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.