Атырау, 28 сәуір 19:40
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«ҚазТрансГаз Аймақ» газ қосқаны үшін заңсыз ақы алған

11 007 просмотра

Ұзақ уақытқа созылған сот істерінен кейін Атырау облыстық прокуратурасы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жергілікті филиалына қатысты процесте жеңіп шықты. Қадағалаушы орган монополистің 2018-2019 жылдары облыс тұрғындарынан 65 млн теңге кірісті заңсыз алғанын анықтады.

Өткен жылы Атырау облысының прокуратурасы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жергілікті филиалының қызметіне талдау жүргізуді ұйғарған еді.

- Талдау барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның «Табиғи монополиялар туралы» заңның 24-бабының талаптарына қарамастан, тұтынушылардың құқығын бұзып, газды қосу үшін заңсыз төлем талап еткені белгілі болды. Бұл қызмет тегін болуы тиіс, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. – Яғни, монополист 2 жыл бойы газ тұтынушылардан – заңды тұлғалардан ғана емес, газбен жабдықтау қызметіне қосылғысы келген қарапайым азаматтардан да 65 млн теңгені заңсыз алған.

Осы заң бұзушылық үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 4 млн теңге айыппұл төледі.

Енді прокуратура араласқаннан кейін облыс тұрғындарын газбен жабдықтау қызметі тегін жүргізіледі.

- Прокурорлық әрекет ету актісі бойынша заңсыз алынған 21 млн теңге қайта есептеліп, кәсіпкерлерге қайтарылды. Қазіргі кезде жеке тұлғалардан алынған 44 млн теңге қайтарылуда, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

2 маусым 2020, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.